«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үкім: Кәсіпкер кінәлі емес!

2016 жылғы 28 Наурыз
- Ақмола облысы
6761 просмотров

Астрахан ауданының жергілікті шенеуніктері жеке кәсіпкерді құқық бұзушылар қатарына қосып қойған

Владимир Викторов Өңірлік кәсіпкерлер палатасына келіп, аудандық аумақтық инспекция қызметкерлерінің өсімдіктер карантині жөніндегі әрекеттеріне қарсы шағымданды. Ритейлерлердің айтуынша, дүкеніне тексеріспен келген инспекторлар одан сатылымдағы тауарларына, яғни көкөністер мен жемістерге карантиндік сертификат талап еткен. Қажет құжатты ала алмаған соң, шенеуніктер кәсіпкерге 60 000 теңгеден асатын сомада айыппұл салу туралы құжаттарға қол қойған.

Шағым материалдарымен таныса келе, Палатаның сарапшылары әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамада да, жазаға тарту туралы қаулыда да карантинге алынған тауарларды тасымалдауға қатысты мәлімет келтірілмегендін назарға алды.

Соған қоса, ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» заңы бойынша, карантиндік сертификат – мемлекет ішінде тасымалдауға арналған және карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат.

«Мені әрекетімді әділетсіз бағалағандары ызаландырды. Тауар тасымалдаумен айналыспаймын, оған қоса, тексеріс карантиндік аумақта емес, дүкенде жүргізілді», – дейді Викторов.

Сот өсімдіктер карантині бойынша келтірген инспекцияның  дәлелдерін қанағаттанғысыз деп танып, бұл іске нүкте қойды. «Құқық бұзушылық кезінде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес, мемлекет ішінде карантинге жатқызылған өнімді карантиндік құжатсыз тасымалдаған жағдайда, санкция жарияланады», – деп Фемида қызметкерлері өз шешімдерін негіздеп, айыппұлдың күшін жойып, іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы етті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер