«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Палата кәсіпкердің проблемасын шешіп берді

2016 жылғы 14 Наурыз
- Ақмола облысы
6314 просмотров

Өтініш беруші өзінің тығырыққа тірелгенін айтқан

«Мерей» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Бекжанов 2015 жылдың аяғында Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Жарқайыңдағы филиалына барып жүгінеді. Ол өзінің қиын жағдайдың күрмеуінде қалғанын жеткізген. Күзгі табыс күтілген нәтиже бермеген соң, кәсіпкер қарыздарынан құтылып, өңірдегі несие серіктестіктерінің бірінен көмек сұрайды. Қажетті құжаттарды жинауға белгілі бір уақыт пен қаражат жұмсалды, себебі аудан орталығына бір емес, бірнеше рет шығуға тура келген. Алған қаражатты кәсіпкер егін жинауға жұмсап, ендігі қаржы ұйымына берешегін белгіленген уақытта қайтарамын деп шешкен.

Алайда, бұл жолы ұйым кәсіпкерге қайтарылмалы қаражат ұсына қоймады. Тіпті, бірнеше ай өтсе де ол бұл қаражатқа қол жеткізе алмай келді. Түрлі мекемелер табалдырығын тоздырған Қайрат Бекжановқа «Атамекен» палатасының филиалына баруға кеңес берген. Сарапшылар кәсіпкер ұсынған материалдарды мұқият тексеріп шығып, шаруа қожалығы басшысының барлық шарттарды орындағанын айтты және олар оған еш кінәрат-талап қойылмауы қажет деп тапты. Мамандары қаржы серіктестігін жағдайды бейбіт жолмен, сотқа жүгінбей реттеуге шақырды. Кәсіпкердің өзі де осыны қалаған. Қаражатты қайтарудың нақты мерзімдері көрсетілген жауапхат Қайрат Бекжановты қанағаттандырды. Палатаның атына жазған алғыс хатында: «Сіздердің қатысуларыңыз бен көмектеріңіз болмаса мен құқықтық және өзге де кеңес берулерге қосымша қаржы жұмсар едім, бастысы менің құқығым қорғалып қалды», – деп ризашылығын білдірді кәсіпкер. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер