Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитеті
Ұлттық палата Төралқасы мен Басқармасына дайындалатын келесі сұрақтарды қамтитын ұсыныстарды әзірлеу және оларға сараптама жасау Комитет міндетіне кіреді:
- ақпараттық-коммуникациялық индустрия және «жасыл» экономика саласындағы мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тәсілдемелер әзірлеу;
- ақпараттық-коммуникациялық индустрия және «жасыл» экономиканы дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;
- ақпараттық-коммуникациялық индустрия және «жасыл» экономиканы дамыту саласында заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімді талап ететін басым мәселелерді анықтау;
- ақпараттық-коммуникациялық индустрия және «жасыл» экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын дайындауға және іске асыруға қатысу;
- халықаралық ұйымдар және компаниялармен ынтымақтастықты нығайту.