Біз туралы
Қаз
Қазақстан бойынша тегін:
1432 | 8-800-080-80-10
Whatsapp: +7 778 870 1432

Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті

Райымбек Баталов

Комитет төрағасы

Комитет 2013 жылғы қараша айында құрылған. Комитет құру туралы шешім шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар арасындағы әрекеттестік үшін Республикада әмбебап алаң ұйымдастыру қажеттілігінен туындады.

Комитет міндеттеріне мына мәселелер бойынша Ұлттық палатаның келісілген ұстанымын талдау және жасау кіреді:

  1. шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатта тұжырымдамалық тұрғыдан келу;
  2. шағын және орта бизнес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру;
  3. шағын және орта бизнес саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімді талап ететін басымдылықты түйткілдерді белгілеу;
  4. шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;
  5. халықаралық ұйымдармен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайту.

Серіктестер