«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Арыстағы жарылыс: қалған 48 кәсіпкерлік нысанға өтемақы төлеуге қатысты шешім шығарылды

2022 жылғы 13 Мамыр
8276 просмотров

2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шегіп, өтемақы ала алмай қалған 48 кәсіпкерлік нысанға өтемақы берілетін болды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бизнесмендердің мәселесін шешуді Түркістан облысының әкімдігіне тапсырды.

Осыдан 3 жыл бұрын Арыста әскери қоймадағы қару-жарақ жарылған кезде жақын маңдағы 464 бизнес нысаны зардап шеккені белгілі болып, соның 464-і өтемақы алған. Оларға өтемақы «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі арқылы ашылған («Бизнес бизнеске» жобасы) арнайы қайырымдылық есепшотынан берілді.

Қайырымдылық қаражатының сомасы 3,1 млрд теңгені құрады. Оның ішінде «Менің Арысым» жобасы аясында елдегі шағын және орта бизнес субъектілерінен жиналған 90 млн теңге бар. Жиналған қаржы 416 нысанға келтірілген залал үшін төленді. Бұл Арыс қаласында 300-ден астам коммерциялық нысанға қайта жөндеу жүргізу туралы хаттамалық тапсырманың орындалғанын көрсетеді.

Жиналған қаржы туралы толық есеп, объектілердің мекенжайы, алынған өтемақылардың сомасы және өтемақы алған кәсіпкерлердің тізімі ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігіне және Арыс қаласының әкімдігіне ұсынылды. Сонымен қатар, өтемақысыз қалған 48 объектінің тізімі де аталған ведомстволарға жеткізілді.

«Атамекен» ҰКП қалған 48 нысанға өтемақы төлеу мәселесін бірнеше рет көтерді. 2021 жылы орталық мемлекеттік орган, жергілікті атқару органының өкілдерімен кездесіп, мәселені шешу ұсыныстары айтылды. Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрлігіне Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен коммерциялық объектілерге шығындарды қалпына келтіру, өтеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына бірқатар ұсыныс жіберілді. Бұл ұсыныстар пакеті қолдау тапты.

2022 жылы Ұлттық палата басшылығы кәсіпкерлердің бастамашыл тобымен бірнеше рет кездесті. Осы жылдың 6 мамырында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде кеңес өтті. Нәтижесінже Түркістан облысының әкімдігіне қалған 48 нысанға өтемақы төлеу мәселесін шешу туралы тапсырма берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер