«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Цифрлық Түріксой

2021 жылғы 30 Қараша
- Астана қаласы
4461 просмотров

  Елордалық бизнесмендер түркі тілдес елдердің кәсіпкерлеріне делдалдарсыз жұмыс істеуді ұсынды. Ол үшін бірыңғай цифрлық алаңды құру қажет.

Бұл ұсыныс Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының 8-ші саммиті аясында Ыстамбұлда өткен Түркі бизнес-форумының жұмысы барысында айтылды.

Қазақстан кәсіпкерлері үшін іскерлік турды Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйымдастырды. Нұр-Сұлтан қаласынан төрт адам: Болат Омаров, Қанат Ибраев, Қайырлы Таукен және Аман Аюпов қатысты. Сонымен қатар Өңірлік кеңес мүшесі Асқар Сыздықов Ыстамбулда өткен Win Eurasia халықаралық көрмесінің жұмысына қатысты.

«Түркітілдес елдердің сауда-өнеркәсіп палаталары мен биржалары төрағаларының кездесуіне қатысу, сыйымдылығы 160 миллион адамды құрайтын іскерлік топтардың интеграциясының тарихи процесінің бөлігі болу абыройлы және жауапты болды. Қазақстан астаналық өңірінің бизнес-ортасын қалыптастыру тұрғысынан өте маңызды», – деп атап өтті бизнес-турдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Болат Омаров.

Түркі мемлекеттерінің серіктестерімен Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан маңызды іс-шараның алдында тағы бір тарихи оқиға – Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан және Венгрия мемлекет басшыларының кездесуі (бақылаушылар мәртебесінде) болды.

 «Мемлекеттер басшыларының тарихи кездесу қарсаңында түркі елдерінің іскерлік топтарының өкілдері B2B форматында кездесіп, өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға бірегей мүмкіндік алды. Өңірлік кеңестегі әріптестеріммен құрылыс, ағаш өңдеу, жиһаз өндіру, сауда, HoReCa, медицина салаларында жұмыс істейтін түркітілдес елдердің бизнес өкілдерімен көптеген кездесу өткіздік. Олардың барлығы елордалық аймақ компанияларымен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді. Келіссөздер нақты жобаларды іске асыру түрінде нәтиже беретініне сенімдімін», – деді Болат Омаров.

Өз баяндамасы барысында елордалық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы түркітілдес елдердің бизнес-компаниялары арасындағы байланыстар үшін цифрлық алаң құру қажеттігі туралы ұсыныс айтты. Омаровтың пікірінше, цифрлық алаң бизнесмендер арасындағы барлық мәселелер бойынша делдалсыз өзара іс-қимылды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл ұсынысты форумға қатысушы елдердің бизнес-қоғамдастықтары қызығушылықпен және ынтамен қабылдады.

Форум аясында Түркияның Сауда палаталары мен тауар биржалары одағы (ТОВВ) ұйымдастырған Түрік сауда-өнеркәсіп палатасының әйелдер кәсіпкерлігі Комитетінің отырысы өтті. Оған әрбір қатысушы елдің іскер әйелдер кеңесінің, оның ішінде Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова басшылық еткен Қазақстанның іскер әйелдер кеңесінің басшылары қатысты.

«Ләззат Рамазанова Ыстамбұлдағы түркітілдес елдер басшыларының саммиті аясында сөйлеген сөзінде Түркі мемлекеттері арасында бизнес-серіктестік орнатудағы қазақстандық әйелдердің ерекше рөлін атап өтіп, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерінің кеңеюі әр мемлекеттің ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететінін және қоғамның игілігі үшін маңызын атап өтті. Мен бұл пікірмен келісемін және елорда кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы ретінде әйелдер біздің өңірде өздерінің іскерлік мүмкіндіктерін іске асыра алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға ниеттімін. Сондай-ақ, Түркі әлемі елдерінің бизнесі үшін электрондық алаң құру жөніндегі менің идеям іске асырылған жағдайда, осы мемлекеттердің компанияларымен халықаралық ынтымақтастыққа тікелей қол жеткізеді», – деп атап өтті Болат Омаров.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер