«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жобадан шығару, QR-код алу, ерікті қатысушылар: ASHYQ қосымшасына қатысты жиі қойылатын сұрақтар

2021 жылғы 20 Сәуір
12372 просмотров

Жобалық кеңсе (Денсаулық сақтау министрлігі, Цифрлық даму министрлігі, «Атамекен» ҰКП) бизнес өкілдері мен халық арасында «Ashyq» жобасын іске асыруға қатысты жиі кездесетін сұрақтарға жауап беруді жалғастыруда. Еске салсақ, осыған дейін «Атамекен» сайтында ең өзекті сұрақтарға екі бөлімде жауаптар жазылды.

  1. «Ashyq» қосымшасын қолданудағы ең басты артықшылық қандай?

Қосымшаның басты артықшылығы – қауіпсіздік.  Қазіргі кезде бизнес коронавирустың қайта өршу қаупіне байланысты айтарлықтай шектеулермен жұмыс істеп жатыр. Бір жағынан халық та осы режимге бейімделіп, әдеткі белсенділіктен бас тартуға мәжбүр. ,

«Ashyq»  қосымшасы  QR-код және ПТР базасымен интеграция арқылы қоғамдық орынға келушінің ковид-статусын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша бизнес субъектісі – жобаға қатысушы санитарлық нормалармен қатар қосымша бақылауды қамтамасыз етеді.

Нысанға келушілер мен персоналдың індетті жұқтыру тәуекелдері азайғандықтан пилоттық жоба карантиндік шектеулер кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жалғастыру (қайта бастау) алгоритмдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

 Қосымшаның іске қосылуынан бері үші ай ішінде «қызыл» және «сары» статусы бар карантин режимін бұзған  600-дан астам келуші анықталды. Көбі – Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тұрады.

  1. Көпшіліктің пікірінше, қосымша адамдардың жүріп-тұруын бақылау үшін іске қосылған. Вакцина салдырғандар және салдырмағандар деп бөлу көзделген бе?

 Қосымшаны іске қосуда халықтың жүріп-тұруын бақылау көзделмеген, бастысы – қоғамдық орындарда инфекция жұқтырғандар және науқас адамдармен байланыста болған адамдардың нысандарға келуін шектеу, індетті жұқтыру қаупін төмендету. «Ashyq» қосымшасы вакцинация статусын есептемейді. Келушінің «қызыл/сары» статусы сәйкесінше індетті жұқтырған және науқас адаммен байланыста болғанын көрсетеді.

  1. Нысанға баруды қалай жоспарлауға болады? «Сары» және «қызыл» статус қанша уақытқа дейін сақталады?

Егер адам инфекцияны жұқтырса немесе науқас адаммен байланыста болса, онда 14 күн бойы үй карантинінде жатуы керек. 14 күн өткен соң оған «көк»  статус автоматты түрде беріледі, егер үй карантині аяқталған соң ол теріс нәтижелі ПТР-тестін алса, оған «жасыл» статус беріледі.

 «Қызыл» статус оң нәтижелі ПТР-тесті шыққан соң 14 күннен кейін алынып тасталады. Тестілеуден теріс нәтиже алған соң статус «жасыл» түске ауысады, ол 3 күнге жарамды. Егер тестілеу қайта тапсырылмаса, статус «көк» түскен өзгереді.

 «Сары» статусы бар адамдар (науқаспен байланыста болған) COVID-19 індетіне оң нәтижесі бар науқастармен байланыста болған күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткен соң «көк» статусқа ауысады.

  1. Статусты QR кодты қолданбай ЖСН арқылы тексеруге бола ма?

Егер, келуші өз статусын тексере алмаса, онда бұл процедураны ресепшен әкімшісі/қызметкер «күзетші» режимі – келушінің рұқсатымен базаға ЖСН дерегін қолмен енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

  1. Көпшілік бұл қосымша алдағы уақытты ақылы болады деген пікірде (кәсіпкерді ақылы қосымшаға байлап қоюдың жаңа әдісі).

Қосымшаны қолдану кәсіпкерлерге де, азаматтарға да тегін.

  1. Ресепшн қызметкері «қызыл» статусы бар адамға қызмет көрсеткен болса, «байланыста болған» деп есептеле ме?  

 Жоқ, ресепшн қызметкерлері әлеуметтік арақашықтық пен маска кию режимін сақтап, келушілермен аз уақыт тілдесетіндіктен байланыста болған деп саналмайды. Науқас адаммен бірге тұратын, науқас адаммен жұмыс орнында, бір кабинетте, цехте, сыныпта үнемі бірге болған адам «байланыста» болған деп есептеледі.

  1. QR-кодты нысаннан шыға берісте сканерлеу қажет пе?

Жоба іске қосылған кезде бұл міндетті шарт болған. Алайда Бас санитар дәрігердің 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес QR-код шыға берісте сканерлеу талап етілмейді.

  1. Нысандарға бару үшін ПТР-тестіні қайта-қайта тапсыру керек пе?

Нысандарға келу мақсатында ПТР-ды арнайы тапсыру қажет етілмейді. Егер соңғы ПТР-тестілеуден кейін 3 тәуліктен аса уақыт өтсе, сізге «көк» статус беріледі, бұл статуспен нысандарға кіруге рұқсат.

  1. Егер «қызыл» статус жанса, осындай статусы бар адам неге белгіленген режимді ұстанбайды, жауапты орган неге бақыламайды?

КВИ-ді жұқтырған барлық адамдарға, соның ішінде байланысты болғандарға медициналық ұйым тарапынан 14 күндік карантинде болу (егер ауруханаға жатқызу қажеттігі болмаса) қажеттілігі туралы қолхат алынады. Бүгінде  індетті жұқтырған адамдардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу фактілерін анықтау кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінің алгоритмі әзірленді. Бұл алгоритмді Ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 7 желтоқсанында мақұлдады. Сондай-ақ, тәртіпті бұзған адамдарға қаысты айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

  1.  Мәселен, ЭҚЖЖ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) коды азық-түлік дүкенін ашуға берілген, бірақ дүкенмен қоса фитнес-орталық ашқан бизнес субъектілері бар ма?

Фитнес-орталығына QR-код алу үшін ЭҚЖЖ қызмет түріне сәйкес келуі шарт. Сәйкестік тиісті бақылау жүргізу үшін қажет, өйткені әр қызмет түріне жеке шектеулер белгіленген.

Бас санитар дәрігердің 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес нысанның ЭҚЖЖ-ға сәйкес келмеуі «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға рұқсат бермеуге негіз бола алады. Заңды тұлғаны уақытында тіркеуге кеңес береміз. 

  1. Қосымшаға енгізілген жеке деректер қалай қорғалады? Осыған кім жауапты?

Қазіргі кезде «Ashyq» қосымшасы бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікке тексеріліп жатыр. Сонымен қатар аталған қосымшаның сервері «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы саналатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-тың қорғау контурына алынған.

  1.  «Ashyq» жобасы аясында нысанға келушілерді тексерусіз кіргізген қатысушыларға жауапкершілік қарастырылған ба?

 Қарастырылған. Бас санитар дәрігердің 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына қосылған нысандарда кәсіпкерлік субъектілері келушінің статусын QR- код немесе ЖСН арқылы тексереді. Жобаға қатысушы шектеу шаралары, соның ішінде карантин талаптарын бұзғаны анықталған жағдайда сәйкес шараларды мониторинг тобы іске асырады.

 Ағымдағы жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы, мониторингтік топтың нәтижелері бойынша жобаға 2 аптадан ерте уақытта қосыла алмайды.

  1. Қосымша жұмысында ақау шығып (статус көрсетілмей, СМС келмесе), статустар тексерілмеген жағдайда мониторинг тобы жаза қолдана ма?

Қазіргі таңда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ әзірлеушілері осындай мәселелерді болдыртпау үшін барлық қажетті техникалық шараларды қолға алған. Қабылданған шаралар жобаны 26 сәуірден бастап ел ауқымында таратуға мүмкіндік береді.

 Жуық арада техникалық ақауларда әрекет ету алгоритмі әзірленеді, ол жеке хабарланады.

 14. Жобаға ерікті қатысушы ретінде өтініш қалай беруге болады? Салалық қауымдастық арқылы өтініш беруге бола ма?

Салалық қауымдастықтың байланыс деректері, өтінім беру тәртібі, оны Infokazakhstan сайты арқылы толтыру форматы, соның ішінде ерікті қатысушы болу ережесін өңірлік кәсіпкерлер палаталарынан білуге болады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер