«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» салық жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысын жалғастырады

2021 жылғы 26 Қаңтар
6960 просмотров

Бүгін, 26 қаңтарда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салық-бюджеттік саясатты жетілдіру жөнінде айтты

 Президент соңғы айларда бизнес өкілдері тарапынан салыққа қатысты шағымдары жиілеп кеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы мәселені шешу үшін «Атамекен» ҰКП-ға Үкіметпен бірлесіп, салықтық әкімшіліктендіруді түбегейлі оңтайландыру жән жұмсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды.

 «Ол цифрлық шешімдерге, үлкен деректер мен блокчейн технологияларға негізделуі тиіс», – делінген Ақорданың Twitter-дегі ресми парақшасында.

 Осыған дейін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы 2021 жылға Ұлттық палата жұмысының басым бағыттарына шолу жасады, соның ішінде салық кодексін жетілдіру бар.

 «Бүгінде бизнеске түсетін салық жүктемесі қалыпты, алайда кәсіпкерлер дәл әкімшіліктендіруде кедергілерге жиі тап болады. Әсіресе бұл кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне қатысты, осы себепті көп кәсіпкер көлеңкеде жұмыс істейді. Проблемалар есептілікті өткізу, еңбекақы қорына төлемдер аудару, ҚҚС-ты әкімшіліктендірумен байланысты. Шағын бизнес субъектілері, жеке кәсіпкерлерге түсінікті қосымша әзірлеу ұсынысы бар, бұл қосымшада кәсіпкер барлық жұмысты жүргізіп, салық төлеп, есеп тапсыра алар еді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Атқарушы хатшысы Асқар Қысықов.

 Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жеке кәсіпкерлерді егер олар онлайн кассалық-аппараттар мен POS-терминалдарды пайдаланатын болса, салық есептілігін тапсырудан босату мәселесін қарастыруды тапсырды.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер