«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтары жұмыссыздарды сұранысқа ие мамандықтарға оқытып жатыр

2021 жылғы 26 Қаңтар
- Жетісу облысы
4009 просмотров

Алматы облысында кәсіпорындарда жанында 80 оқу орталығы ашылып, онда жұмыссыздарды сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша оқытады. Осылайша кәсіпкерлердің өндіріске қажетті мамандарды даярлауға мүмкіндігі бар. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов мәлімдеді.

«Өңірлік палатаның қолдауымен облысымызда 80 оқу орталығы ашылды. Олар жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие 46 кәсіп пен мамандық бойынша даярлауды жүзеге асырады. 2020 жылы оқу орталықтары базасында 2536 адам қысқа мерзімді оқытудан өтті, оның ішінде 2272 адам жұмысқа орналастырылды», - деді облыстық палата басшысы.

Әсет Шаяхметов Кәсіпкерлер палатасының жүргізген сауалнамасының нәтижесі бойынша өңірде 4505 маманға қажеттілік анықталғанын айтты. Сұранысқа ие мамандықтар қатарында ауыл шаруашылығы, білім беру, құрылыс және халыққа қызмет көрсету салалары.

«Сондай-ақ, кәсіпорындар дуальды оқыту аясында "тапсырыс бойынша" кадрларды дайындауға мүмкіндігі бар. Жалпы, дуальді оқытудың Жол картасына Алматы облысынан техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мекемелерінің 3225 оқушысы, 23 колледж және өңірдің 344 кәсіпорны 28 мамандық, 47 біліктілік және 9 сала бойынша енді», - деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов.

Оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру үшін «Тәлімгерлік мектебі» жобасы шеңберінде 55 кәсіпорынның 85 тәлімгері оқыту семинарларынан өтіп, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 30-дан астам өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары үшін облыстың жетекші кәсіпорындарының базасында тағылымдамалар ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, өткен жылы өңірлік палата «Фермерлік шаруашылық», «Ветеринария", «Құрылыс» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға қол жеткізді.

Жалпы Алматы облысында кәсіптік білім беру қызметін техникалық және кәсіптік оқытудың 76 мекемесі жүзеге асырады, оның ішінде 43-і мемлекеттік және 33-і жекеменшік колледж.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер