«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы компаниялары өзбек нарығына шығуды көздейді

2020 жылғы 28 Қараша
- Алматы қаласы
10159 просмотров

 Алматы қаласының бір топ кәсіпкері Ташкент қаласының әкімі, Сауда-өнеркәсіп палатасы басшылығы және Өзбекстан Аудиторлары палатасымен кездесті. Кездесу барысында ритейл, өнеркәсіп, құрылыс, медицина, білім беру, ланшафт дизайны және туризм салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру талқыланды

 Қазақстан делегациясы құрамында «Учет» компаниялар тобы», «Magnum Cash&Carry», «GALANZ Bottlers», «IC Group» және «Timus Development» компаниялары болды, олар Өззбекстан аумағында жобаларды іске асыруды ұсынды.   

«Учет» компаниялар тобы» Өзбекстанның ірі оқу орталығында үлес сатып алды. Негізгі бағыт Өзбекстан бухгалтерлерін халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына оқыту, бұл стандарттарды 2021 жылдан бастап акционерлік қоғамдар, коммерциялық банктер, сақтандыру ұйымдары және ірі салық төлеушілер өз тәжірибелерінде қолдана бастауы керек», – деді Учеттің басшысы, Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев.

Бұдан бөлек,  Қазақстанның ірі бөлшек сауда желісі Magnum Cash&Carry Ташкент қаласында филиал ашуды жоспарлауда. Ташкент басшысы Джахонгир Артыкходжаевпен өткен кездесуде Magnum Cash&Carry Басқарма төрағасы Азамат Османов келесі жылы олар алты локация ашуды жоспарлап жатқанын айтты, осы ретте әр локацияға салынатын инвестиция көлемі 5 млн АҚШ долларынан басталады.

GALANZ Bottlers қазақстандық өндіруші Өзбекстанда суық шай өндіру зауытын салмақ, сонымен қатар газдалған сусындар мен су өндірісі жолға қойылады.  

 IC Group ірі отандық клинингтік компания қаланы абаттандыру саласындағы жобаларды жүзеге асыруға дайын, сапар барысында Ташкенттің бір ауданында бірлескен пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Timus Development ЖШС қоғамдық көлік ішінде тегін  Wi-Fi желісін енгізу бойынша жобаны іске асыруды, сондай-ақ туризм мен медицинада (халықтың электронды паспорты) ІТ-жобаларын енгізуді ұсынды.

 «Бизнес-делегациямыздың сапары өнімді өтті, біз Өзбекстанмен белсенді ынтымақтасуға әрі екі ел арасындағы тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға атсалысуға дайынбыз. Қазіргі кезде Өзбекстанда қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен 858 компания жұмыс істейді, соны ішінде 60 компания пандемия кезінде ашылған. Өзбекстан нарығы өсіп жатыр, қазір қазақстандық компанияларға осы мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық деңгейге өсу керек», – деді   Максим Барышев.

Фото: Максим Барышев, Ташкент қаласының әкімдігі

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер