«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палатада денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын басқару тәсілдері талқыланды

2020 жылғы 23 Қараша
6064 просмотров

Қазақстанда денсаулық сақтаудың кадр ресурстарын басқарудың ұлттық саясатын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде

Кәсіпкерлер кадр саясатында негізгі мәселелер арасында мамандар арасындағы теңгерімсіздік, жұмыс уақытын тиімсіз пайдалану, төлемді ынталандыру жүйесінің төмен тиімділігін атады.

«Мәселелер жайында әсіресе өңірлер жиі хабарлайды. Мамандарды дайындап үлгермейді, электронды құжат айналымы әзірге жұмысты жеңілдетпеді, дәрігерлер мен медбикелерге жүктемені азайтқан жоқ, сертификаттау мәселесі ситуацияны қиындатады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Гүлназ Таңатарова кадр саясатына бизнес қауымдастық бірқатар ұсыныстар мен түзетулер енгізгенін айтты. Атап айтқанда, халықаралық тәжірибені әлсіз зерделеу және зерттеу бөлігінің болмауы байқалды.

 «Өкінішке қарай, жүргізілген жұмыстың бүкіл ауқымын НҚА-да көрсете алмаймыз. Алайда бизнестің жоспарлау және біліктілікті даярлау тұрғысынан, мамандықтың имиджіне қатысты ескертпелерін назарға алып, түзетулер жасадық. Осы мәселелер кәсіптік стандарт және регистрге байланыстырылды», – деді Гүлназ Таңатарова.

 Сондай-ақ сақтандыру және кәсіптің ескіруі мәселесі айтылды. Құжаттың жаңа нұсқасы таныстырылымға кәсіби қоғамдастыққа жолданды.

«Primary Health Care»  ұлттық қауымдастығы директоры Төлебай Рахыпбековтың айтуынша, медициналық білім беруде жоғары медициналық білімнен басталатын, бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантураға бөлінетін Болон процесінің талаптарына сәйкессіздік бар.

 «Интернатура кеңес одағы білім беруінің сарқыны секілді клинкалық мамандықтар бойынша бакалавр мен резидентура немесе бакалавриат пен магистратура арасындағы тағы бір деңгейді құрып аралық бөлшекке айналды. Оқу бағдарламалары жұмыс берушілерімен талқыланбайды, сарапшылық бағалаудан өтпейтіні де тағы бір проблема. Білім беру ұйымдары аудиториялар мен симуляциялық орталықтардың материалдық-техникалық жабдықталуын және студенттерді қабылдау кезінде қытушылар құрамының дайындығын бақыламайды», – деді Төлебай Рахыпбеков.

Оның атуынша, профессорлық құрамның құндылығы мен студенттерді іріктеу мәселесі өзекті. Тек оқуға гранттар беріп қоймай, студенттер оқу біткен соң оқу ақысын медициналық қызметкерлер ретінде төлейтін несие берілуі керек. Ол медициналық мамандықтарға үміткерлер арасында өткізілуі керек болатын психометриялық тестілердің нәтижесіз болғанын айтты. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай мәселелерді Білім және ғылым министрлігімен және Үкіметтің экономикалық блогымен бірлесіп шешуі керек.

 «Астана медицина университеті» ректоры Дайнюс Павалькис білім беру жүйесінде қолмен басқару мәселесін көтерді. Сарапшының пікірінше, Қазақстанда «Университтер туралы» заң туралы айтудың кезі келді, сонымен қатар оқытушылар мен студенттер оқуға ғана емес сонымен қатар басқаруға, академиялық еркіндікке қатысуы керек.

 «Орта персонал мәселесін көтерудің кезі келді. Қазіргі таңда акушерлер, эпидемиолог көмекшісі, фельшерлер тапшылығы сезілуде. Оқытушылық құрам мәселесі өзекті, дәрігерді дәріс оқуға шақыру қиын», – деді Павлодар медицналық жоғары колледжі директорының орынбасары Гүлнар Сейтиқазинова.

 Юлия Якупбаева ұлттық саясат жобасы әлі шикі екенін, құрылымданбаған, SWOT-талдау (мықты және осал жақтарын талдау), тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (КРІ), түсінікті сараптама (диаграммалар мен схемалар) жасалмағанын атап өтті. Бүдан бөлек, мәселелер мен ұсынылып отырған шешімдер бір-біріне сәйкес келмейді.

 «Мәселе өзекті, өйткені 2017 жылы кадр ресурстарын басқарудың ұлттық саясаты қабылданды. Тұжырымды тәсілдемелері 2019 жылы қабылданды. Осы құжаттардың іске асырылуы бойынша нәтиже көрсету маңызды. Ары қарай ілгерілеу үшін SWOT-талдау болғаны керек. Салалық біліктілік жүйесіне баса назар аудару керек деп санаймын. Ұлттық негізде біз салалық, содан кейін кәсіби стандарттар жасаймыз. БҒМ жіктеуіші бар, ол туралы ештеңе айтылмаған. Оқытудың мерзімі анықталатын мамандықтардың тізімі бар, содан кейін білім беру бағдарламаларын әзірлеуге кірісу керек. Ауқымды құжат шығуы керек. Біз қызметкерлер мен еңбекақы төлеу жүйесін ұмытпауымыз керек, – деді «Медикер» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Қаптағаева.

Жиынды қорытындылай келе, Юлия Якупбаева денсаулық сақтауда кадр ресурстарын басқарудың ұлттық саясаты жобасын ұсыныстарды ескере отырып, қайта қарау қажеттігін айтты. ҰКП мен сарапшылық қоғамдастық бұл жұмысқа қатысуға дайын.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер