«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Санитарлық талаптар іске асырмалы болуы тиіс

2020 жылғы 26 Мамыр
5985 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден карантиннен кейін экономикалық қызметті жаңарту мүмкіндігіне қатысты өтінімдер келіп түсуде

Бизнес субъектілерінің қызметі жаңа жағдайды есепке ала отырып іске асырылып, COVID-19 ошақтарының болуына жол бермеуі керек деген пікірмен келісеміз. Осы ретте талаптардың өзі іске асырылатын әрі қаржылық шығын тудырмауы керек.

Осыған байланысты Ұлттық палата санитарлық нормалар мен талаптарды ескере отырып сәйкес алгортимдерді әзірлеу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің Сапаны бақылау комитетімен жұмысты бастады. Айта кетелік, COVID – 19 инфекциясы бойынша карантинді жеңілдету 4 мамырдан бастап жұмысты кезең-кезеңмен іске қосуға мүмкіндік берді.

 Бас санитарлық дәрігердің соңғы қаулылары шеңберінде бизнес-қоғамдастықтың көптеген мәселелері назарға алынды.

 Жаңа алгоритмдер толықтырылды, жұмысқа кезең-кезеңмен шығу мүмкіндігі қарастырылды, іс-жүзінде орындалмайтын нормалар алынып тасталды. Мәселен:

 -авиа тасымалын іске асыру үшін ПТР (полимеразалық тізбек реакциясы) тестін  міндетті өту алынып тасталды;

-қоғамдық тамақтану объектілерін ашу мүмкіндігі берілді (залдардың толу лимитін енгізуде мөлшер бойынша шектеу алынып тасталды);

- тіс емдеу клиникаларының жұмыс істеу уақыты артты, сондай-ақ клиника қызметкерлерінен ПТР-тестін міндетті алу алынып тасталды;

-санитарлық-эпидемиологиялық аудиторларға карантин режиімнде жұмыс істеп жатқан объектілерді тексеруге мүмкіндік берілді;

 - объектілерге санитарлық-эпидемиологиялық аудит арқылы ерікті негізде тексеру жүргізу мүмкіндігі берілді;

-туристік объектілерге келгендерге міндетті ПТР-тестілеу жүргізу алынып тасталды;

-қызметкерлерді міндетті тасымалдау алынып тасталды;

-мектепке дейінгі білім беретін ұйымдарды кезең-кезеңмен ашуға рұқсат берілді (әсірге кезекші топтарға).

 Осы ретте қазіргі уақытта барлық қызмет түрлері үшін алгоритмдер әзірленбеген. Бірқатар салаларда санитарлық стандарттарды енгізу әлі де өзекті болып тұр.

 Осыған байланысты «Атамекен» ҰКП алаңында объектілерге қойылған жаңа санитарлық талаптарды түсіндіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Комитет және изнес-қоғамдастық өкілдерімен онлайн-жиындар сериясы 26 мамыр 3 маусым аралығында өтеді.

 Жиындарға қатысу үшін өтінімдерді көрсетілген форма   бойынша толтырып, мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: g.akatayeva@atameken.kz 

Жиын атауы

Күні

1

Мейрамхана, фуд-корттар  және сауда-ойын-сауық 

орталықтарына қойылған санитарлық талаптарды қайта қарау бойынша ұсыныстар

26 мамыр, сағат; 17.00

2

Көлік құралдарына қойылған санитарлық талаптарды қайта қарау бойынша ұсыныстар

27 мамыр, сағат: 17.00 

3

Банктерге қойылған санитарлық талаптарды қайта қарау  бойынша ұсыныстар

28 мамыр, сағат: 17.00 

4

Құрылыс ұйымдарына қойылған санитарлық талаптарды қайта қарау бойынша ұсыныстар

01 маусым, сағат: 11.00

5

Медициналық ұйымдарға қойылған санитарлық талаптарды қайта қарау бойынша ұсыныстар

02  маусым, сағат: 17.00

6

Балалар лагерлеріне қойылған санитарлық талаптарды қайта қарау бойынша ұсыныстар

03 маусым, сағат: 17.00 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер