«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес, спорт және мұнай-газ секторының өкілдері мемлекеттік наградалармен марапатталды

2019 жылғы 12 Желтоқсан
9695 просмотров

12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай наградаларды марапаттау салтанаты өтті

Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылды, онда бизнес, спорт және мұнай-газ секторының өкілдері жоғары мемлекеттік наградалар: «Парасат», ІІ дәрежелі «Достық» ордені, «Құрмет» ордені, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, сонымен қатар – «Ерен еңбегi үшiн» медалі және ҚР құрмет грамотасымен марапатталды.

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы, Қазақстан Ұлттық олипиада комитеті, «КазЭнерджи» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев басты ұлттық мерекенің әр қазақстандық үшін, бүгін салтанатты шараға жиналған түрлі саланың белгілі қайраткерлері үшін ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін мен үшін Президент атынан мемлекеттік наградаларды ұсыну үлкен мәртебе. Биыл экономика локомотивы болып табылатын қазақстандық мұнайдың 120 жылдығын атап өттік, сондықтан бүгін мұнай-газ секторының ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтау ерекше қуаныш сыйлайды. Тәуелсіздік жылдары ішінде Елбасының тапсырмасымен бизнес дамуына барлық жағдай жасалды. Жыл сайын бизнес-қоғамдастықтың экономикалық өсу мен мемлекеттік гүлденуіне қосқан үлесі өсіп келеді. Республика үшін кәсіпкерлік класты қалыптастыру өте маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бизнестің ары қарай өсуіне назар аударды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлікті қолдаумен қатар ел ауқымында ШОБ-ты жаппай дамыта отырып, кәсіп бастағандарды оқыту мен оларға көмек көрсетуді жалғастырмақ. Спортшыларымыздың әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтан тұтамыз. Олар ең жоғары халықаралық деңгейдегі жарыстарда жеңіске жетіп, Отанымыздың абыройын асқақтатып, жанкүйерлерді әркез қуантады. Келер 2020 жылы спортшыларымызға барлық лицензияланған жарыстарда, сонымен қатар Токиода өтетін Олимпиадада жанкүйер боламыз. Барлық спортшыларға сәттілік пен жақсы бастамалар тілеймін», – деді Тимур Құлыбаев.

 Сөз соңында спикер жиналған қауымды келе жатқан мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бақыт пен қызметте табыс тіледі.

Марапатталғандар:

  «Парасат» ордені:

Данбай Шухрат Әбдурашитұлы –  «АНПЗ» ЖШС бас директоры

ІІ дәрежелі «Достық» ордені:

Anthony Vincent Spinelli – Энтони Винсент Спинелли «КазМунайГаз» ҰК» АҚ Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы директоры

 «Құрмет» ордені:

Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы –  «АбайДәулет» ЖШС директоры

Ботабеков Айбек Төлеубекұлы – «KEGOC» АҚ қаржы және есеп жөніндегі атқарушы директоры

Елеусінов Қайырбек Сағынбайұлы – «Каспий мұнай» АҚ бас директоры

Исаев Мұсабек – мұнай-газ саласының ардагері

Мералиев Садуохас Аташұлы – «KMG Rompetrol» өндіріс және өнеркәсіп қызметтері жөніндегі бас директоры

Наушиев Танбай Есенәліұлы –  мұнай-газ саласының ардагері

Орынғалиев Хусаин Қасымғалиұлы – «Теңізшевройл»  ЖШС кен орнын әзірлеу басқармасы мұнай және газды өндіру бөлімінің менеджері

Сисембаев Қуаныш Жолжанұлы –  мұнай-газ саласының ардагері

Хасанов Бақытжан Кеңесұлы – «КМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы)

Хасанов Төлеген – мұнай-газ саласының ардагері

Абдрахманов Болат Үкібайұлы – Қазақстан Республикасының бокс және Қазақстан ішінде спорттық іс-шараларды өткізу жөніндегі ұлттық құрама командасының үйлестірушісі, бокс бойынша мемлекеттік бапкері

 Габсаттаров Амангелді Рашадұлы – еркін күрес бойынша спорттың ардагері

Смолеев Лев Николаевич – су полосы спортының ардагері   

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені

Мұқанов Жұмабек Аққалиұлы – «Каспий мұнай» АҚ мұнай және газды өндіру жөнінде оператор, «Айранкөл» кен орны

Тарасова Алла Евгеньевна – «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыр басқармасының Н.Н.Шманов атындағы мұнай тарту станциясындағы жылыту пунктінің техникалық қондырғылары операторы

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

Гринберг Владимир Феликсович – «ЮЖПРОМСНАБ» ЖШС жалпы мәселелер жөніндегі кеңесші

Әбенов Мұрат Телғараұлы – Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының диеркторы

Ажмағанбетов Серікбай  Қуанышұлы –  «Қайнар-АКБ» ЖШС бас директоры

Башибаева Муслима Тұманқызы –  «Глобал спецодежда» ЖШС негізгі қойма жетекішісі

Жанболатова Жеңіс Сайлаубекқызы – «Атамекен» ҚР ҰКП Салық салу департаментінің директоры-басқарушы директор

Шульц Андрей Валерьевич – «Хладотерм-Н» ЖШС құрылтайшысы және директоры

Аязбаева Гүлнар Наурызғалиқызы – «Эмбамунайгаз» АҚ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорвинск тобының жетекші геологы

Қаракесеков Қайрат Ізбасарұлы – «KEGOC» АҚ «Алматинские МЭС» филиалының директоры

Құсайынов Мұхтар Сейітмағзумұлы –  «КазТрансОйл» АҚ Операторлық қызметтердің Шығыс басқарамасы апаттық-қалыпқа келтіру пунктінің тізбекті құбыр салушысы

Ли Вячеслав Романович – «Қазақ мұнай және газ институты»  АҚ бас директоры

Қажымұқан Шаттық Айдарханұлы – каратэ-до-дан Қазақстан Республикасы құрама командасының аға бапкері 

Ким Григорий Фарленович – садақ атудан Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық құрама командасының бас жаттықтырушысы

Тұрсынбаева Элизабет Байтаққызы – мәнерлеп сырғанаудан ҚР штаттық құрама командасының  инструктор-спортшысы  

 ҚР Құрмет грамотасы:

Бегімбетов Әбдіқали Бөстекбайұлы –  «Көкжиек-2030» ЖШС бас директоры

Белик Сергей Григорьевич – «Көкшетау Строй Недра» ЖШС директоры

Қадірбеков Мамадияр Артықбайұлы –  «Фирма Дана» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы

Құрманбаев Бауыржан Болатұлы – «Шыңғыс-Сервис Трейд» ЖШС құрылтайшысы, директорлар кеңесінің төрағасы

Қабжанов Рүстем Хайруллаұлы –  «КазЭнерджи» ЗТБ атқарушы директоры

Ішкенбаева Қарлығаш Сапарқызы – үстел теннисінен ҚР Ұлттық құрама командасының  бастығы

Корчма Галина Ивановна – оқ атудан  ҚР Ұлттық құрама командасының  бастығы

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер