«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы заңды қайта қарау ұсынылды

2019 жылғы 22 Қараша
10036 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан корпоративтік заңгерлерінің ХIV форумы өтті, бір алаңға Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот, Kazakhstan Bar Association, жетекші заңгерлік компаниялардың өкілдері, ірі бизнес субъектілері жиналды

Айта кетелік, бұл Форум елордада алғаш рет өтті, 14 жыл бойы корпоративтік заңгерлер және мемлекеттік сектордың басты диалог алаңы – Алматы қаласы болды. «Атамекен» 6 жыл қатарынан осы форумның бірлескен ұйымдастырушысы әрі барлық панельдік сессиялар мен салалық пікір-таластардың қатысушысы болып отыр.

Форумның басты тақырыбы корпоративтік құқық, корпоративтік басқаруды жетілдіру , сондай-ақ ағылшын құқығы институттарын енгізу мәселелері болды.

 Форум сессиясының модераторы, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсіновтың айтуынша, бүгінде мәселелермен қоса, шетелдік тәжірибені ұқыпты және сақтықпен қолдану, оны тек нормалардың тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар сот практикасы мен ғылыми әзірлемелердің ілеспе нормаларын ұстану маңызды.

 Бұдан бөлек, Рустам Жүрсінов дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестер туралы жаңа заң әзірлеу мәселесінің өзектілігін атап өтті.

 Кездесу барысында корпоративті заңнаманы ары қарай жетілдіру, ҚР Әділет министрлігі әзірлеп жатқан Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелеріне қатысты  заң жобасының негізгі ережелері, ағылшын және еуропалық заңнаманың қағидалары мен ережелерін іске асыру негізінде кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды жақсарту мәселелері бірнеше рет көтерілді. Ағылшын құқығын имплементациялаудағы Ресей Фелерациясының тәжірибесімен White & Case халықаралық заң компаниясының серіктесі Максим Телемтаев бөлісті.

 Форум жұмысы «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы», «Сот және арбитраж дауларын шешуде практикалық кейстер» сынды салалық секцияларымен жалғасады, сонымен қатар Форум қатысушыларына арнап  «Эмоциялық инттелект негізіндегі көшбасшылық» шеберлік сабағы өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер