«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Гидтер, туроператорлар және қонақүй бизнесі өкілдеріне тегін тренингтер ұйымдастырылады

2019 жылғы 12 Қараша
4081 просмотров

Қазақстан Республикасының Туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру аясында «Кazakh Tourism» ҰК» АҚ туристік кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша оқу іс-шараларын өткізеді

Ұйым гидтер, туроператорлар және қонақүй өкілдеріне арнап тегін тренингтерді өткізуді жоспарлаған, қатысу орындары шектелген. Іс-шараларды ұйымдастыруға жергілікті және шетелдік спикерлер мен тренерлер, соның ішінде Туристік гидтер қауымдастығының дүниежүзілік федерациясының өкілдері қатысады.

 Іс-шаралар ағылшын тілі және орыс тілінде өтеді, тренингтер нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

Оқу кестесі

Қызмет бағыты:

Өтетін орны:

Өткізу мерзімі:

1

Гидтер

  Алматы қ.

17-23 қараша

2

Туроператорлар

Нұр-Сұлтан қ.

25-27 қараша

3

Қонақүй бизнесі өкілдері

Нұр-Сұлтан қ.

25-27 қараша

 

Тренингтерге қатысу, сонымен қатар қатысушыларға қойылатын талаптар, қатысуға өтінім беру мерзімдері, тренингтер бағдарламасы және басқа да мәліметтер туралы ақпаратты алу үшін Қоғам өкілдеріне хабарласу қажет: 8(7172) 919-508 – Илимбаев Расул, электронды пошта:  r.ilimbayev@qaztourism.kz.

Тренингтерге қатысушыларға арналған толтыру формалары: гидтерге, ағылшын тілінде гидтерге, туроператоларға және қонақүй бизнесі өкілдеріне

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер