astana-view

Департаменттер

Сауда және экспорттық саясат департаменті

Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті – ҰКП-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Басқарма төрағасына бағынады. Департамент шағын және орта бизнесті дамыту және сауда мәселелері бойынша барлық мемлекеттік органдармен және ҰКП-ның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жұмыс істейді.

Шағын және орта бизнесті дамыту департаментінің негізгі міндеттері:

1) екі комитеттің: ҰКП Төралқасы Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің және ҰКП Төралқасы сауда комитетінің қызметтерін ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;

2) шағын және орта бизнесті дамыту саласында және сауда саласындағы түйінді мәселелерді шешу бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің және қауымдастықтардың (одақтардың) шоғырландырылған пікірін (ұстанымын) қалыптастыру; 

3) ҰКП-ның шағын және орта кәсіпкерлік және сауда саласындағы субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау қызметіне қатысу;

4) шағын және орта бизнесті және сауданы дамыту мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара әрекет жасауын ұйымдастыруға қатысу;

5) шағын және орта бизнесті, сауданы дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру шін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға ықпалдасу.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер