«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Өңірлік кеңестің мақсаты мен міндеттері

Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі өңірлік палатаның қадағалаушы органы болып саналады және әр облысқа, республикалық маңыздағы қала мен Астана үшін белгіленген квота шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері делегаттарынан, қауымдастық (кеңес) өкілдерінен құралады.

Өңірлік кеңес делегаттары тікелей дауыс беру арқылы төрт жылға сайланады. Өңірлік кеңесті төраға басқарады. Ол уәкілеттілікті орындау мерзіміне кеңес мүшелерінің жасырын дауыс беруі арқылы басым дауыс негізінде сайланады. Өңірлік кеңес төрағасы өз лауазымына сай төралқа мүшесі болады. 

  1. Өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен байланыста ықпалдасады;

  2. Басқарма органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға ықпалдасады;

  3. Съезд делегаттарын сайлайды;

  4. Өңірлік палата мен өңірлік палата филиалдарының жұмысы негізінде Ұлттық палата алға қойған міндеттер мен мақсаттардың орындалуын қадағалайды;

  5. Өңірлік палаталардың қазіргі жұмысындағы экономиканың нақты салалары мен секторларының мүддесін қамтамасыз етеді;

  6. Ұлттық палата жұмысының тиімділігін арттыру бойынша съезге ұсыныстар енгізеді;

  7. Өңірлік палаталар мен өңірлік палата филиалдары басшыларының кандидатураларын келіседі;

  8. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау жүргізеді;

  9. Өңірлік палата жарғысына сай өңірлік палата алдына қойылған басқа да мәселелерді шешеді;

 

Ұлттық палатаның құрылтайшысы бола тұра, өңірлік кеңес мүшелері өңірлік палата басқармалары мен олардың филиалдарынан, заңды тұлғалардан олардың жұмыстарына байланысты ақпаратты сұрай алады.

 

Серіктестер