«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ерейментау ауданында «Бастау» жобасының түлегі бизнес дамуына 3 млн теңге алды

2019 жылғы 04 Маусым
- Ақмола облысы
20471 просмотров

«Бастау» жобасының тыңдаушысы жеке кәсібін дамытуға 3 млн теңге көлемінде грант алды. Осыған дейін жеке кәсіпкер Ерейментау қаласында плоттерлі кесу студиясын ашқан болатын

Анатолий Деревянченко Ерейментау қаласында туған. Осы жерде мектеп аяқтап, кәсіби-техникалық училищені аяқтаған, онда токарлық білім алды. Ұшаралдағы шекера жасағында қызмет, станциядағы жұмыс – оның өмірін «дейін» және «кейінге» бөлді.

 90-шы жалдардың соңында өндірістік жарақат алған ер адамның өмірі күрт өзгерді. Былтыр Анатолий «Бастау» жобасы туралы естіп, оқуға ынта танытты.

«Оқу қызықты ғана емес, пайдалы болды. Оқу курсы біз үшін барынша оңтайландырылып ұйымдастырылған. Теория, ойын формасындағы тренингтер, бизнес-идеяларды жүзеге асыруды сүйемелдеу – осының бәрі алға қарай жетеледі»,– дейді кәсіпкер.

 Оқуды сәтті аяқтаған Анатолий алған білімді іске асырып көруді шешті. Бизнесте шығармашылық бағытты таңдады. Оған шығармашылық жақын, кәсіпкердің айтуынша, сүйікті іспен айналасу – кез келген табыстың маңызды құрауышы.

 Идеяларды жүзеге асыру қиынға соқпады. Оқу мен үй жағдайында студия ашу оңай болды. Ең қиыны қызмет көрсетуді ілгерілету дейді кәсіпкер.

 Бастапқы капитал  Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 240 мың теңге көлемінде алынған грант болды.  Бұл қаражатқа кескіш плоттер, кеңсе принтері және құралдар сатып алынды. Кейін Анатолий жеке қаражатына шығын материалдарын алып, өз қызметіне жарнаманы ұйымдастырды.

 Кәсіп жолға қойылған соң Анатолий көрсетілетін қызметтің көлемін арттыруды жоспарлады, ол үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша грант алуға өтінім берді. Қайтарымсыз негізде алынған 3 млн теңге қаражатқа айтарлықтай қымбат жабдық алынды.

 «Бұл грант тамаша көмек болды. Плоттерлі кесудің технологиясы күрделі, ал жаңа жабдық алған соң мен түрлі сурет пен ою-өрнекті бедерлей аламын. Оған түрлі материал – винил қағазы, картон, пластик, тіпті металл да қолданылады. Негізінен авто көлігін, гаджетін қызықты жапсырмамен, витринаны мәтінмен көмекергісі келетіндер хабарласады. Сонымен қатар біз ерекше әсемхат немесе тойбастарды рәсімдей аламыз», – деді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер