«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық органы кәсіпорынға басқа компанияның қарыздары үшін тыйым салған

2018 жылғы 27 Желтоқсан
- Ақмола облысы
10439 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес қарауына шығарылған 23 мәселенің 15-і шешім тапты. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Кеңес мүшелері 2018 жылда атқарылған жұмысты қорытындылады.

Қоғамда қызу талқыға түскен «Ильичевка Строй» ЖШС мәселесі бойынша шешімді Кеңестің қорытынды отырысында айтты.  2017 жылы мамырда компания «СП «Трансавто» ЖШС-нан авто техника сатып алады. «СП «Трансавто» ЖШС салық берешегінің ішінара өтелуі үшін атқарушы өндіріс шеңберінде мүлікті сатқан.

 Алайда «Ильичевка Строй» ЖШС тіркеуші органға машиналарды есепке қоя алмады, өйткені тіркеуші органда Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 44 (!) мүліктік ауыртпалық салған.

 Түйткілдің  барлығы фискалды қызмет «СП «Трансавто» ЖШС-ның салықтық міндеттемелері салдарынан «Ильичевка Строй» ЖШС мүлкіне салықтық ауыртпалық салған. Мемлекеттік кірістер комитетінің онлай-сервистері деректеріне сәйкес «СП «Трансавто» ЖШС-ның жалпы салықтық қарызы 330 млрд теңгені құрайды. Демек, салық қызметкерлері борышкер компания қарызын қайтарған соң ғана авто техниканы бұғаттан шығаруды көздеген.

 Осы ретте «Ильичевка Строй» ЖШС өкілдері қол құсырып отырмай, салық қызметкерлердің әрекетіне сотқа шағымданды. 2018 жыл 7 тамызда Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының әрекеті заңға қайшы деп танып, «Ильичевка Строй» ЖШС-на тиесілі авто техниканы барлық құқықтық ауыртпалықтан алып тастау бойынша шешім қабылдады. Сот шешіміне қарамастан фискалді қызмет өкілдері сол мүлікке қайтадан арестке салды.

 «17 қазан күні бұл мәселе Кеңестің кезекті отырысында қарағалды. Нәтижесінде прокуратура көмегіне жүгіндік. 7 қарашада облыс прокуратурасы сотқа жергілікті мемлекеттік кірістер департмаенті тарапына заң бұзушылықты жою туралы талап арыз берді», – деді ӨКП директорының орынбасары Шыңғыс Теміров.  

 Кеңестің келесі отырысында 11 желтоқсан күні облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің жетекшісі Бауыржан Шайкенов «Ильичевка Строй» ЖШС-нан барлық құқықтық ауыртпалық алынып тасталғанын хабарлады.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі жұмысының нәтижесінде компания сатып алған барлық авто техника тіркеуге алынып, шаруашылықтың кәдесіне жарап жатыр.  

 Жалпы алғанда Кеңес 2018 жылы 10 жиын өткізді, 23 түйткілді мәселе қаралып, оның 15-і шешілді, қалғаны қаралып жатыр. Қаралған мәселелердің басым бөлігі салық саласына қатысты (8). Бұдан бөлек талқылаулар экология (7) мәселелеріне арналды, қалғаны – жер қатынастары, мемлекеттік сатып алулар, атқарушы өндіріс, автожолдар және бәсекелестікті қорғауға қатысты сұрақтар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер