«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бақылау-кассалық аппаратын орнату кімге міндетті?

2018 жылғы 16 Қазан
- Ақмола облысы
4078 просмотров

Биыл 16 тамыз күні ҚР Қаржы министрлігі деректерді сақтайтын бақылау-кассалық аппараттарын қолдану міндетті қызметтердің тізімн толықтырды. Жаңашылдықтарды түсіндіру мақсатында Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік орган өкілдері мен кәсіпкерлік субъектілердің қатысумен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қызметтер түрі тізімі тағы 17 тармақпен толықты. Бұл – автомобильдер және жеңіл автокөлік құралдарын сату, автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, автомобильдерге арналған бөлшектер мен заттарын бөлшек сату, автомобильдерге арналған бөлшектер мен заттарын көтерме сату, киім-кешек сату, сусындарды көтерме сату, фармацевтикалық заттарды көтерме сату, текстиль бұйымдарын сату, сағаттар және зергерлік бұйымдарды сату, ломбарттар, жарнамалық агенттіктер және т.б.

  Талқылау барысында кәсіпкерлер салық орган қызметкері, мемлекеттік қызметтерді сапасын бақылау бөлімінің жетекшісі Әлия Утекинаға сұрақтарды жаудырды. Мәселен, «Плюснин И.Г.» жеке кәсіпкерлігі қолма-қол ақшасыз сауда жасалса, бақылау-кассалық аппаратты қолдану қажет пе деген сұрақ қойды.

 «Нордфарм-Көкшетау» ЖШС өкілі: «Негізгі қызметтен бөлек, Бұйрықпен қарастырылған қосымша қызмет түрі болса, бақылау-кассалық аппарат арқылы қызметтің негізгі түріне арналған деректерді бекіту арқылы жүзеге асыру қажет пе?» деген сауал тастады.

 Сонымен қатар бизнес өкілдері қандай жабдық сырттағы болып саналатынын, «жылжымайтын мүлікті сыйақы немесе келісімшарт негізінде басқару» деген түсінік нені білдіретіні жайында сұрақ қойды.

«Өңірлік палатаға түскен барлық сұрақтар хаттама арқылы бекітілді. Сұрақтардың легі болуына орай, көбі қамтылмай қалды. Кездесу қорытындысы бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті осы ұсыныстарды ескере отырып, бизнеске арналған кеңейтілген семинарды өткізуді ұсынды», – деді ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Алтынай Арапова.

 Айта кетелік, «Атамекен» ҰКП және Қаржы министрлігі бақылау-кассалық-аппараттарды енгізуді 2024 жылдан 2020 жылға ауыстыру туралы шоғырландырылған шешім қабылдаған болатын. 2018-2020 жылдар аралығында машиналарды орнату міндетті қызметтер тізімін біртіндеп толықтыру үдерісі жүріп жатыр. Тізімде бар кәсіпкерлік субъектілері деректерді сақтайтын бақылау-кассалық аппараттарды 2020 жылдан қолдануға міндетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер