«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік палата филиалының дер кезіндегі көмегі несие алуға жол ашты

2018 жылғы 22 Маусым
- Ақмола облысы
4748 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы Атбасар аудандық филилыаның атына «Ихсан» шаруа қожалығының басшысы Нұрбай Жүсіпов алғыс хат жолдаған. Филиал қызметкерлерінің шұғыл көрсеткен көмегімен түйткілді мәселені шешті.

Нұрбай Жүсіповтің хатында қолайсыз күн райының орын алуынан 2017 жылы түсім болмаған. Дәнді-дақыл шаруашылығының жинаған егіні тұқым мен жанар-жағармай шығынын өтеуге ғана жеткен, ал 2018 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына ақша қалмаған.

Қарыз ақша мен көмек алу үшін аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығың ауыл шаруашылығы бөліміне жүгінген. Көмек көрсетуде Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жөн сілтеген.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері өтінім берушінің мүмкіндігін зерттеп, «Егінжай» жағдарламасын ұсынған, бұл «Даму» қоры арқылы жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының маманы өтінім түскен сәттен толық сүйемелдеу және құжат жинау жұмыстарын атқарып, несие беруге өтінім дайындаған. Жедел түрде бизнес-жоспар да жасалған. Салық органынан шаруа қожалығының мүшелері туралы анықтама керек болғанда, кәсіпкер бұл анықтаманы өзі алып келетінін айтқан. Дегенмен бұл да оңай болмады.

«Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінгенімде жер қатынастары бөліміне жіберді. Анықтама алу үшін  бөлім басшысының атына өтінім бердім. Жауап ұзаққа созылды. Сол аралықта егістік жұмыстары да жақындап қалған еді», – дейді Нұрбай Жүсіпов.

Шаруа қожалығы басшысының айтуынша іске филиал директоры Роза Тасмағамбетова араласқаннан кейін ғана мәселе шешілген. Мемлекеттік органның өкілдерімен сөйлескен соң дәл сол күні анықтама қолға тиді.

Шаруа мәселесін шешіп, қажетті қаржыландыруға қол жеткізуге көмектескен қызметкерлерге алғысын білдірді. Бүгінде қаржысын алып, егіс жұмыстарын аяқтаған. Филиал мамандары жобаны сүйемелдей отырып, шаруаға егістіктің аграрлық картасын құрып, есеп беру бойынша сервистік қызмет көрсеткен.

«Кәсіпкер үшін нағыз жанашыр болатын осындай білікті мамандармен танысқаныма қуаныштымын. Басқа жерлерде қаржының жоқтығы менің мәселем екенін білдірсе, Кәсіпкерлер палатасында сенімді адамдардың алдына келгенімді сезіндім», – дейді шаруа.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер