«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инновация үшін грант

2018 жылғы 01 Маусым
- Ақмола облысы
5947 просмотров

«Бизнес-Кеңесші» жобасына қатысу, гранттық қаржыландыру алу, шетелге «Іскерлі байланыс» бойынша бару мұның бәріне Көкшетау қаласының бизнесмені Фаим Жұмабеков Палата көмегі арқылы қол жеткізген.

 Кәсіпкер Фаим Жұмабеков бизнесте біліктілігі бар адам, алайда оқуға мүмкіндік туғанда кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» курсына қатысты. Кәсіпкер өңірдегі «Коврочист» атты химиялық тазалау мен кір жуу қызметі желісінің құрылтайшысы болып табылады. Компания тіимсіз жұмыс істеп жатыр деген оймен кәсіпкер Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

«Ардагер М Company» ЖШС компаниямыз  екі жыл қатарынан жуу және кілем тазалау қызметін көрсетеді. Ары қарай жетілу үшін бізге қолдау керек. Сондықтан «Бизнес-Кеңесші» курсына қатысуға бел будым. Палат кеңесшілері қолдаудың барлық тетіктерін түсіндірді, идеямды жүзеге асыруға көмектесті», – деді кәсіпкер.

Фаим Жұмабеков  ұсынған жоба кілем тазалау үшін инновациялық щеткаларын әзірлеу. Бұл ноу-хау тиімділіктен бөлек шығынды аз талап етеді.

 «Жұмысымыздың үдерісінде түрлі техникаға жүгіндік. Алайда тиімділікке жете алмадық. Жабдықтар да өте қымбат. Өз бағытымызды ұстанып, нәтижесінде қарапайым әрі тиімді щетканы әзірлеп шығардық. Сонымен қатар компаниядан жақында зияткерлік меншік институтында өз брендің әзірлеп, патенттеп алды. Тауар белгісі «Коврочист»  химиялық тазалау мен кір жуу қызметі желісі» деп аталады. Маған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары көмектесті», – деді кәсіпкер.

  «Кәсіпкермен бірге бизнес жоспар құрдық. Кәсіпорының даму стратегиясын жасадық. Ал кәсіпкер щетка шығару үшін несие аламын деген сөзінен кейін, біз оған гранттық қаржыланудыруға жол ашатын оқу курсына қатысуды ұсындық. Нәтижесінде ол 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді», – деді Ақмола облысы ӨКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі Бақшагүл Нұрмолдина.

 Келесі айда Фаим Жұмабеков щеткаларды шығару өндірісін бастамақ. Осы ретте облыс орталығында пластмассалық өнім шағаратын кәсіпорынмен келіссөздер жүргізілді. Олар щетқа тұтқасын жасайды. Фаим Жұмабеков Палата әлеуетін толық қолданып, енді «Іскерлік байланыс» курсына қатысуға ниетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер