«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2018 жылы мемлекеттік-жекеменшік жобалар қолжетімді болады

2018 жылғы 26 Сәуір
- Ақмола облысы
4512 просмотров

2017 жылдың желтоқсан айында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларды қарастыру, бекіту және жүзеге асыру үдерістерін оңтайландыру әрі тездету мақсатында бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізді. Бұл өзгертулер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында іскерлік белсенділікті арттыратын болады.  

Атап айтқанда «Бағдарламалық МЖӘ» енгізілмек. Бұл дегеніміз жеке әріптес және МЖӘ жобалары бойынша барлық процедуралар экономиканың әр саласына арнап мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда жеңілдетілген форма бойынш ажазылады, яғни қосымша сараптама өткізу қажеттілігі жоқ.

Сонымен қатар Өңірлік кәсіпкерлер палатасы экономикалық талдау бөлімінің бастығы Жанна Байқоңырованың айтуынша МЖӘ жобаларын жоспарлау үдерісі де оңтайландырылуда, енді жоспарлау 5 кезең емес 3 кезеңнен тұрады (инвестициялық ұсыныстың сараптамасы, байқау өткізу, МЖӘ шартын жасаусу), тізімнен жоба тұжырымдамасы және МЖӘ шарты жобасының сараптамасы алынып тасталды.

«Жалпы мелекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын әзірлеу мерзімдері 7 айдан 3 айға дейін қысқарды. Осыған байланысты МЖӘ процедуралы анағұрлым қолжетімді болады, осылайша инвесторлар ұзақмерзімді капитал салымын жоспарлайтын болады. Сонымен қатар Сондай-ақ заңнамалық деңгейде кемінде 3 жыл мерзімге МЖӘ үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тұтынудың кепілдігін қамтамасыз ету белгіленген. Заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікте креативті әрі қызықты жобалар саны арта түседі», – деді Жанна Байқоңырова.  

 ӨКП сарапшысының айтуынша, бүгінде Ақмола облысында ұсынылған 13 МЖӘ жоба ішінен 11-і іске асырылуда, қалған 2 жоба – жеке бастамалар. Барлық жобалар бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасы оң сараптамалық қорытынды шығарған (сенімді басқаруға беру, кепілдендірілген мемелкеттік тапсырысты, медициналық ұйым кешені, тұрғын үй қорын қалпына келтіру, автоцон құру, ТЭЦ құрылысы).

Осы ретте Палата сарапшыларының пікірінше, бизнестің мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке деген қызығушылығының төмендігі – жобалардың қымбат болуымен түсіндіріледі. Мәселен, балабақша салу бойынша МЖӘ жобасы құны 70-тен 140 млн теңгеге дейін шарықтап тұр. Бұған қоса кәсіпкер бастапқы кезеңде жобаға 10% жарна салуы тиіс.

 Бюджеттің аздығы немесе жоқтығы (инвестициялық / транзакциялық шығындарды өтеу) МЖӘ жобаларға қатысуға шешім қабылдауға кедергі келтіреді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдармен бірге орындалып, тез таралып жатқан жобалар: мектеп оқушыларын тамақтандыру (23 мектеп), балабақша (7), тас жол салу, көшелерді жарықтандыру және т.б.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер