«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысының салық қызметкерлерін жауапкершілікке тартуды сұрайды

2018 жылғы 01 Наурыз
- Ақмола облысы
6493 просмотров

Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырыснда талқыланған болатын. Шенеуніктердің мұндай әрекеті кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіреді

 Мәселен, Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасына «Стрех» ЖШС бұзылған құқықтары жайында хабарлады. Кәсіпкердің айтуынша салық органы тексеру тағайындағанмен, тексерудің алдын ала актісін бермеген. Айта кетелік, салық қызметкерлері кәсіпкерге 40 млн теңгеден астам айыппұл салған.

Осы уақытта кәсіпорын  ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар және даму комитетімен 2017 жылы наурыз айында арнайы инвестициялық шарт жасайды. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 636-бабы 1 тармағына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған редакциясында салықтық тексеру актісін жазғаныға дейін салық төлеушіге тексерудің алдын ала актісі беріледі. Осы ретте кәсіпкер берілген тексерудің алдын ала актісіне наразылық білдіре алады.

 Мемлекеттік кірістер департаменті бөлім жетекшісі Арман Әмреновпен туған пікір-талас барысында  «Стерх» ЖШС директоры Виктор Куляс кәсіпорын тексеру органына барлық қажетті құжаттарды – шарттар, атқарылған жұмыс актілері, салыстыру актілері, шот-фактураларды бергенін айтты. Бірақ, кәсіпкер өзінің өтінімінде инвестициялық шарт негізінде ( бұл шарттың мақсаты инветициялық жеңілдіктерді беру – дайын өнiмдер мен дайын өнiмдердi өндiруге арналған импорттық өнiмдерге кедендiк баж салығынан босату ) қолдауға ие екенін жазған болатын. Айта кетелік, «Стрех» ЖШС 1995 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, азық-түлік өнімін өндірумен (жартылай дайын өнім, шұжық өнімдері, тартылған ет) айналысып келеді. Өндірісте шамамен 200 адам жұмыс істейді.

 «Тексеруші кәсіпорында инвестициялық шарттың барын ескеруі және бірінші кезекте бізді тексеру нәтижесімен алдын ала таныстыруы керек еді», – деді Виктор Куляс.

«Аталған ережелерді Салық кодексінің 157-бабы және ҚР Қаржы министрлігінің сәйкес бұйрығы қарастырады. Тексеру жүргізбей тұрып, кәсіпорынға тексерудің алдын ала актісін беру  бойынша белгіленген ережелер орын алған жағдайды салықтық тексеруге дейін реттеу мақсатында қабылданған болатын. Дегенмен, осы мүмкіндіктен кәсіпкер қағылып отыр, нәтижесінде үлкен айппұл салынған»,– деді ӨКП директорының орынбасары Валентина Геращенко.

Айта кетелік, орын алған жағдайду шешу мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҚР ҰКП Орталық аппаратына  сәйкес хат жолдайды. Жауап хатта: ҰКП Мемлекеттік кірістер департаменті ұйғарымымен келісе алмайды, өйткені Ережелер нормалары мен Салық кодексінің 157-бабына сәйкес орын алған жағдай бойынша инвестициялық шартты қолднауға болады. Өткен тексеру кезеңде инвестициялық келісімшарт жасаған салық төлеушінің мәртебесіне ие болу ережелері мен шектеулері заңмен қарастырылмаған» делінген.

 Пікірталас нәтижесінде Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері өз кінәсін мойындады. Арман Әмренов салық тексеруге арналған алдын ала актісін бермеу бойынша салғырттық танытқан қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтты. Өз кезегінде МКД жетекішісінің орынбасары Саят Саукомбеков өзінің қызметкері мұндай шешімдерді қабылдауға құзыретсіз, және соңғы үкімді мемлекеттік орган басшысы шығаратынын жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер