«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мереке қарсаңында мемлекеттік орган өкілдері мен «Атамекен» қызметкерлері марапатталды

2017 жылғы 15 Желтоқсан
6043 просмотров

Марапаттарды «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов табыстады 

Қазақстан Республикасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерді «Ісіне адалдығы үшін» медалі, Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапаттады.

«Баршыңызды еліміздің қастерлі мейрамы - Тәуелсіздік күні қарсаңында құттықтауға рұқсат етіңіздер! Қай ұлт болсын, қай халық болсын, егемендікті аңсаған, сондықтан біздің ата-бабаларымыз аңсаған егемендікке міне 26 жыл толып отыр. Әрине, бұл кішкене ғана мерзім, бірақ, еліміздің, мемлекетіміздің құрылуы, аяққа тұруы, оның күшеюі, оның бүкіл әлемде мойындалуы, осы 26 жыл ішінде өрбіді.  Осы аралықта болған тарихи жағдайлардың бірі ­­­­–елімізде нарықтық экономиканың дамуы мен отандық кәсіпкерлік институты құрылғанын атап өту керек. Сол кәсіпкерлік институттың мүддесін қорғайтын, кәсіпкерлерді алға жылжытатын, Үкіметпен, басқа да ұйымдармен келіссөз жүргізетін біздің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы», – деді Абылай Мырзахметов.

ҰКП Басқарма Төрағасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қоғам, экономика дамуы, Үкімет және мемлекеттік органдармен жұмыс істеудеге маңызды рөлін атап өтті. «Атамекен» республиканың түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жатқан ұйым. Аудан орталығына дейін, ауылдарға дейін барып, 2 мыңға жуық  қызметкерлер осы кәсіпкерліктің туын көтеріп, кәсіпкерлер мүддесі үшін, экономикасының өсуі мен еліміздің әлеуметтік жағдайы үшін еңбек етуде.

Бүгін осы мейрам қарсаңында «Атамекен» өзі бір көрсеткіштерге кенеліп жатыр.«Атамекенді» қазір Елбасымыздың өзі қолдап отыр. Жуырда өткен «Алтын сапа» сыйлығы марапатаныда Елбасы Атамекеннің аяққа тұрғаны, шағын және орта бизнестің қорғайтын берден бір мекеме болғанын айтып өтті.

ҚР Тәуелсіздік күні құрметіне ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова және Ұлттық палатаның 13 қызметкері  «Атамекен» ҚР ҰКП «Ісіңе адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалімен марапатталды. Сондай-ақ, 38 қызметкерге алғыс хаттар берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов кәсіпкерлердің құқығын қорғау саласында жыл бойына ерең еңбек етіп, белсенділігімен танылған қызметкерлерді марапаттады.

«Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында барлық отандастарымызды осындай айтулы  күнмен құттықтаймын. Кәсіпкерлерді қолдап, бизнесті дамыту жолында жасап жатқан жұмыстарыңыз үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы атынан баршаңызға алғыс білдіремін», – деді Болат Палымбетов.

«Ісіне адалдығы үшін» медалімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкері Ержан Ералиев және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департамент директоры Салауат Мүксімов марапатталды.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Құрмет грамотасымен ҚР Бас прокуратурасының қызметкері Жанат Элиманов, ҚР Әділет министрлігінің Департамент директорының орынбасары Еркін Балтабаев, ҚР Әділет министрлігінің Департамент директорының орынбасары Назкен Жамалдина, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Басқарма басшысы Тілеулес Мухсинова, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Басқарма басшысы Ельмира Нуркишева, ҚР Әділет министрлігінің Заң шығару институтының Жетекші ғылыми қызметкері Баян Парманқұлова марапатталды.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің Бас сарапшысы Жарас Сұлтанбеков және Қорғаныс министрлігінің Заң департаментінің аға офицері Елдос Бертисов Алғыс хаттар иеленді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер