«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Такси қызметін шақырдыңыз ба?

2017 жылғы 24 Наурыз
- Ақмола облысы
9225 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Атбасар халқына арнап әрі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында   ерекше акция ұйымдастырды  

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Реал» таксопаркі күні бойы қалалықтарға тегін қызмет көрсетті. Өйткені, 22 наурыз күні күн мен түннің теңелуімен қатар «Халықарылық такси күні» екен. Таң атысымен Атбасар қаласының орталық алаңында аталған таксопрактің ең жақсы көліктері тізілді. Көлік жүргізушілері әдемі ұлттық киім киіп, әр машинадан қазақ әндері шырқалып жатты.

«Ақшаға аударғанда  таксопарк жалпы 35 000 мың теңгеден астам соманы құрайтын тапсырысты орындап, 80 адамға тегін қызмет көрсетті. palata.kz сайты арқылы Атбасар аудандық кәсіпкерлер палатасына алғысымды білдіргім келеді. Бұл ақция мен ақпараттық қолдау арқылы біздің компания таныла бастады, біз имиджімізді көтеріп алдық», – деді таксопарк директоры Александр Скукаускас.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Роза Тасмағамбетованың айтуынша таксопарк иесі, атқарылған акциядан кейін бизнесін үлкейтіп, мемелекеттік бағдарламамен несие алып, бұрыннан армандап жүрген жоспарын орындағысы келеді: ТЖО, көлік жуу, таксопарк, демалыс орны бар кешенді орталық салмақ екен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер